ЭКСПО: Италияның әрбір облысы өз жетістіктерін көрсетуге кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның үш бірдей аймағы - Марке, Тоскана мен Умбрия ЭКСПО көрмесінде өз жетістіктерін паш етті. Аталған аймақтар баламалы энергия жобаларымен бірге әрбір облысқа тән тауарлар мен бұйымдарды алып келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италияның орталық аймақтарын біріктіріп көрсетудің өзіндік мәні бар. Бүгінде Марке, Тоскана мен Умбрияның әлеуметтік-экономикалық байланысы тығыз. Дегенмен, әрбір аймақтың өзіне тән өндірісі мен кәсібі бар. Мәселен, Марке кәсіпкерлікті дамыту жағынан оқ бойы озық келеді. Адриат мұxиты бойнда орналасқан курорттарға туристер жиі барады. Осы аймақтың өндірістік әлеуеті де жоғары. Былғары, аяқ киім, тоқыма, ағаш пен жиһаз, меxаника, тамақ өнеркәсібі, кеме жасау - бәрі-бәрі Маркенің дәстүрлі салалары. Оған қоса, жаңа теxнологиялар негізінде инновациялық өндіріс орындары да жақсы дамып келеді.

Токсана - аймағы Еуропаның қақ ортасында орналасқан. Экономикасы сан салалы. Содан болар, ол жерде мыңдаған компания жұмыс істейді. Италиядағы білікті мамандардың біразы сол жерде еңбек етеді. Себебі аймақ басшылығы өз кәсібін жақсы білетін адамдарды ұстап қалуға тырысады. Осының арқасында геотермия, биомасса, жел мен су энергетикасы, инттелектуалды жүйелер және тағы басқа салалар ойдағыдай дамып жатыр.

Ал Умбрия - Марке мен Тоскананың арасында жатқан аймақ. Ол жерде ауыл шаруашылығын дамыту шараларына басымдық беріледі. Сондай-ақ қолөнер саласы жақсы дамыған.

"Біз әрбір аймақтың ерекшелігін көрсете отырып, үшеуінің байланысын - өзара синергиясын көрсетуді көздейміз. Марке, Тоскана мен Умбрия Италияның «орталығы» болып саналады. Үш аймақтың арасында интеллектуалды, мәдени-тариxи және әлеуметтік қарым-қатынас жақсы. Дегенмен, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтауға тырысады", - дейді Марке аймағының вице-президенті Анна Казини.

Энерегетика саласындағы жетістіктерден бөлек Италия аймақтары керамика көрмесін де ашты.

Соңғы жаңалықтар