ЭКСПО-ға келетін туристерге тұратын орын жеткілікті - Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық барысына және Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаланың ЭКСПО-ға дайындық шаралары маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда әкімдік жанында штаб құрылып, барлық жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіліп жатыр. Келетін қонақтарды орналастыру мәселесіне тоқталатын болсақ, қала 2 миллионнан астам туристі қабылдауға және тұратын жерге орналастыруға дайын, сондай-ақ әкімдік жанында брондау бөлімі құрылды», - деді қала әкімі.

Бұдан бөлек ол қоғамдық тамақтану орындарының жайында айта келе, жалпы көрме кезінде шаһарда тамақтандыру орындары бойынша 110 мың орын қажет екенін, қазіргі уақытта 850 қоғамдық тамақтандыру нысандары 116 мың орынды қамтамасыз ете алатынын жеткізді.

«Осы үш айда азық-түлік өнімдерін тұтыну деңгейі 20-30 пайызға өседі деп болжап отырмыз. Бұл ретте өнімдерді сақтау қоймаларының сыйымдылығы жеткілікті», - деп нақтылады Исекешев.

Соңғы жаңалықтар