ЭКСПО-да оқушылардың жаппай улануы туралы ақпарат жалған - Денсаулық министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне келген Атырау облысы оқушыларының жаппай улануына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғам денсаулығын қорғау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілердегі ЭКСПО-да Атырау облысы Құлсары қаласындағы №15 орта мектептің 40 оқушысының жаппай алануы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген таратылған хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғам денсаулығын қорғау комитетінің мәліметінше, 40 баланың жаппай улануы туралы шұғыл хабарлама түскен жоқ.

Айта кетейік, бүгін Facebook-тің Айдос Садықов есімді пайдаланушысы өз парақшасында ЭКСПО көрмесінде Атырау облысы Құлсары қаласының 40 оқушысы жаппай уланып қалғандығы туралы жазды.

Айдос Садықов уланған 40 баланың екеуі ауыр жағдайда жатқандығын жазды.  «Олардың туыстарының айтуынша, билік өкілдері жаппай улану туралы шетелдіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары біліп қоймас үшін оларға қысым жасап отыр. Балаларды «ұйымдасқан» түрде ЭКСПО-дағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақтандырған», - дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар