ЭКСПО-да оқушыларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрмесі кезінде оқушыларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі, деп хабарлайды Elorda Aqparat .

ЭКСПО қарсаңында әкімдік 65 мың баланы тасымалдау үшін автобустар сатып алған. Ол көліктер енді қаладағы мектеп оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады.

Қалалық қоғамдық көлік басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиевтің айтуынша бұл шаруа мынандай тәртіппен жүзеге асады: ата-аналар мектептермен келісімшартқа отырады, сосын қызмет көрсету жөнінде операторлармен келіседі.

«Нұр отан» партиясы қалалық филиалында өткен Астананы дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде елорданың көліктік кешенін дамыту бойынша өткен қоғамдық тыңдауда осы мәселе де талқыланды.

 

Соңғы жаңалықтар