ЭКСПО-да бір рет шай ішкенге қанша ақша кетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аумағындағы медиа-орталықта буфет жұмыс істей бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан ашылған буфетте тәтті тоқаштар - 70-150 теңге, кекстер - 80 теңге, бәліштер - 120 теңге, шағын самсалар - 80 теңге, ал нанға оралған шұжық (сосиска) 150 теңгеден сатылады. «Енді, бұл жерде бір рет келіп шай ішкенге шамамен 200-250 теңге кетеді. Асxана тек бас кеңседе ғана бар. Бірақ ол жерде тамақтың құны қымбаттырақ. Сол себепті біз өзімізбен бірге алып келіп жүрміз. Ал бір шай рет ішкенге буфетке де бара салуға болады», - дейді медиа-орталықтың қызмектерлері.

Айта кетейік, ЭКСПО көрмесінде әрбір елдің павильонында ұлттық мейрамxаналар мен дәмxаналар ашылады. Сол жерде әлем елдерінің ұлттық тағамдарының дәмін татып көруге болады. Ал жалпыға бірдей қоғамдық тамақтану орындары қызмет көрсету нысандарында жұмыс істейді.

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде румындар әлемдегі ең қуатты лазерді таныстырмақшы . Күні кеше Голландия да өз павильонын таныстырды. Нидерланды елі «Болашақ энергияны»жаңа қырынан көрсетпекші. 

ә null ң

Соңғы жаңалықтар