ЭКСПО билеттерін тегін алуға болады - министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ЭКСПО билеттерін қалайша тегін алуға болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы құрамына кіретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұған дейін ЭКСПО билеттерін көптеп сатып алды. Билеттердің бағасы әртүрлі, датасына қарай 4-8 мың теңгенің айналасында. Міне, осы билеттер жеңілдікпен беріліп жатыр. Мәселен, кәдімгі облыс орталықтарына, шалғайға қатынайтын пойызға билет алсаңыз, ЭКСПО билетін 45 проценттік жеңілдікпен қосымша алуға мүмкіндік бар. Ал «Тұлпар-Тальгоға» билет алынса, көрме билеті жолаушыға тегін беріледі», - дейді Скляр.
Вице-министрдің айтуынша, ондай жеңілдіктер барлық облысаралық маршруттарға таралады.

Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО Халықаралық көрмесі кезінде 2 млн 450 мың адам келіп кетуі тиіс. Соның ішінде ел аймақтарынан келетін 1 миллион 800 мың адам бар .

Тоқтала кететін жайт, вице-министр Скляр ЭКСПО барысында қандай да бір қолайсыз жағдайлар болса, астаналықтарға бұған түсінікпен қарауға шақырды. "ЭКСПО-ға біз өз үйімізге қонақ келгендей қарауымыз керек" деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар