ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты шағымдар бар - Куянов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, бүгінде арнайы нөмірге арыз-шағымдар көптеп түсіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, билеттерді күштеп сатуға қатысты арыздар бар. Билет сатылымы басталғалы бері республиканың түкпір-түкпірінен осы мәселеге қатысты 300-ге жуық шағым түсті. Шынымен де, ондай арыздардың басым бөлігі расталады. Ондай «маркетингті» жергілікті әкімдіктер жүргізіп отыр. Біз бірден араласып, ондай жағдайларды шешуге тырысамыз. Күшіміз жетпей жатса, құзіретті органдарға тапсырамыз», - деді Куянов бүгін Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, көрме билеттерін күштеп сатуға байланысты арыз-шағымдар көп болса да, сол билетті сатып алмағаны үшін біреуді жұмыстан шығарғаны жайында әлі бірде-бір ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, бүгінде ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты барлық ақпаратты 87023326521 нөміріне WhatsApp арқылы жазуға болады.

Бұдан бөлек, [email protected] электронды поштасына арыз түсіруге болады.

Соңғы жаңалықтар