ЭКСПО аясында қосымша 14 пойыз жолаушыларды тасымалдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО аясында қосымша 14 пойыз жолаушыларды тасымалдайды. Осылайша, қазіргі пойыздардың саны 58-ге дейін жететін болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазда ЭКСПО көрмесі аясында шамамен 14 жаңа пойыз бағдары жолға шығады. Атап айтқанда, "Астана-Шымкент", "Астана-Маңғышлақ", "Астана-Атырау", "Астана-Орал", "Шымкент-Астана", "Маңғышлақ-Астана", "Орал-Астана", "Қостанай-Астана", "Жамбыл-Астана", "Астана-Алматы-Астана", "Қарағанды-Астана", "Атырау-Астана", "Көкшетау-Астана-Пригородное" және "Атбасар-Астана-Пригородное". Сөйтіп, пойыздардың саны 44-тен 58-ге дейін артатын болады", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің өкілі Меруерт Ибраева бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, наурыздың 22-сі күні Ташкентке дейін жаңа бағдар ашылған болатын.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте ОКҚ ресми өкілі Мәжіліс пен Сенат депутаттарының осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады . Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы Серік Жарықов Алматы қаласында бір бүйрегін беруге келіскен адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады . Бұдан бөлек, бүгін "Саxнагер" ұлттық театр сыйлығын табыстау салтанаты өтетіні белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар