ЭКСПО аумағында «бомба қойған» адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының «102» каналына көрме аумағында жарылғыш құрылғы орнатылған деп белгісіз ер адам қоңырау шалған. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде қысқа уақыт аралығында елордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол мас күйінде аталған бұзақылықты жасағандығын мойындады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ер адамның мас  екендігі анықталды. 

Аталмыш факт ҚР ҚК 273-бабы (терроризм актісі жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды.

 Ұсталған күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Полицейлердің қолдануындағы заманауи технологиялардың арқасында аталған қылмыстық заң бұзушылықтарды жасағандар бір кезекшілік тәуліктің ішінде анықталынады. Мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, материалдық залал өндіріледі. 

Айта кетейік, 2015 жылдың қаңтарынан бастап дайындалып жатқан терроризм актісі жөнінде жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауакершіліктің қатаңдатылғандығы және ол үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар, мекемелердің және ұйымдардың қызметінің жұмыс кестесін бұзғаны үшін жарылғыш құрылғы туралы жалған қоңырау шалған бұзақылардың материалды залал келтіргені үшін миллиондаған талап хаттар толтырылды.

Соңғы жаңалықтар