Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті

ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті
2017 жылғы 20 маусым 20:46 944

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин Астана қаласында өтетін Ақмола облысының мəдениет күндері аясында бір топ ақмолалық зейнеткерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті
Елордадағы «Аққу» мейрамханасында ұйымдастырылған шараға Астана мен іргелес аудандарда тұратын жүзге жуық ақмолалық зейнеткерлер шақырылды. Соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтаған өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекет тарапынан аға ұрпақ өкілдеріне барынша қамқорлық жасалып отырғанына, бұл мәселенің жергілікті биліктің де үнемі назарында екендігіне тоқталды.


ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті
«Бүгінгі еліміздің көркейіп-гүлденуі, ұрп­ақтарымыздың шат-шадыман, бақытты тұрмыс­қа кенелуі, әрине, аға ұрпақтың маңдай т­ерінің, елге сіңірген еңбегінің жемісі. ­Ендеше ел мерейін өсірген қарияларымызды­ әрқашанда аялап, оларды мейірім шуағына­ бөлеу - бүгінгі ұрпақтың парызы. Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелерің­із, өмірде түйген даналықтарыңыз біз үші­н баға жетпес қазына. Өңірдің экономикал­ық іргетасы сіздердің білек күштеріңізбе­н қаланған. Сондықтан да, Ақмола облысы ­ел аумағында көш бастап келе жатқан өңір­лердің қатарында»,- дей келе, облыс әкімі барлық ардагерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтар үлестірді.


ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті
Өз кезегінде ардагерлер де мерейлерін өсірген, бір уақ ескеріпән мен жырға бөлеген облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Олардың арасында бұрынғы білім министрі Қожахмет Балахметов, облыстық атқару комитетінің төрағасы Зейнолла Шайдаров, қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова жəне ҚР Парламенті Сенатының депутатты Жабал Ерғалиев сияқты бірқатар ардагерлер болды.


ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 20-25 маусым аралығында Астана қаласында халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» деп жоспарланған.
Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша мәдениет күндерінің аясында Ақмола облысы филармониясының кәсіби ұжымдарының, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарының гала-концерттерін, кескіндеме суреттерінің, халық шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдарын, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындары Астана тұрғындары мен қонақтарына ұсынылатын болады. 

ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті 
ЭКСПО: Ақмола облысының əкімі Астанада ардагерлермен кездесті 

Басты сөздер: Ақмола облысы, EXPO-2017, Мәдениет,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер