«ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары болып Аллен Шайжүнісов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Биылғы жылдың 2 қарашасында Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссарын тағайындау туралы» 2017 жылдың 25 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 704 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №704 қаулысына қол қойды.

Аталған құжатқа сәйкес, «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ілгерілету және туризм департаментінің директоры -  Аллен Шайжүнісов тағайындалды.

 Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді. 

Соңғы жаңалықтар