ЭКСПО-2017: Тайланд павильонында массаж салоны болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкок қаласында «АстанаЭКСПО-2017» көрмесінде ашылатын Тайландтың ұлттық павильоны таныстырылды.

null
Шараға Тайландтың Энергетика министрлігінің Тұрақты хатшысы - ұлттық павильонның комиссары Арепоонг Бхооча мен Қазақстан Елшісі Марат Есенбаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
null

Тайландтың ұлттық павильоны «Барлығына арналған биоэнергия» тақырыбына арналады. Сондай-ақ, ол жерде тай тағамы мейрамханасы мен тай массажы салоны болады. Ал «муай тай» шеберлері тай боксының шоуын өткізеді. Осы елдің көрмедегі ұлттық күні Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына сәйкес келіп отыр. Соның аясында бірқатар мерекелік шараларды өткізу жоспарланған.
null

«ЭКСПО-2017» кезінде Қазақстан-Тайланд үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы өтеді. Осыған орай, Астанаға Тайландтың энергетика, сауда, туризм және спорт министрлері, сонымен қатар сыртқы істер, мәдениет, қаржы министрліктері, инвестициялар жөніндегі агенттігі басшылығы келеді.Комиссия отырысы аясында екі елдің бизнес-форумы, сондай-ақ бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылады.
null

Соңғы жаңалықтар