«ЭКСПО-2017» мүлкі шынымен сатылып жатыр ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның мүлкі саудаланып жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таңертеңнен бері әртүрлі топтардан «ЭКСПО-2017-нің» барлық мүлкі сатылып жатыр деген ақпарат Уатсап (мессенджері) арқылы СМС түрінде келді. Байланыс нөмірлері мен мекен жайы да көрсетілген. Осы ақпарат қаншалықты шындық?», - деп жазды Ако Әлібайқызы елорданың танымал әлеуметтік топтарының бірінде.

Осыдан бірнеше апта бұрын дәл осындай мазмұндағы жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен еді. Кейбір бұл ақпараттың жалған екендігін де жазған болатын.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куяновқа хабарласқанымызда ол да бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын тағы да айтты.

«Бұл фейк осыдан бір ай бұрын тараған. Бәрі де ол жайында жазды. Содан бері ештеңе де өзгерген жоқ», - деді Куянов.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт  бұрын дәл осындай сарындағы ақпарат әлеуметтік желіде тараған кезде ұлттық компания оның өтірік екендігін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар