ЭКСПО-2017: Мажарстан өз Бәйтерегін алып келді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстан ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қыпшақтар күнін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мажар елінің павильоны Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне арналған. Соның аясында осы елдің баламалы энергетика саласындағы тәжірибесімен танысуға болады. Мажарстан күн энергиясына басымдық беріп отыр. Ал павильонныңқақ ортасында тамырын терең жайып, бұтағын биікке созған үлкен Бәйтерек тұр. Негізгі идея - қоршаған ортаны сақтай отырып, табиғи құбылыстардың негізінде энергияны өндіру.

«Астананың символы Бәйтерек болса, бізде ол - Өмір ағашы. Ол жағынан да мажар мен қазақ халқы ұқсас. Қазақтар осы Бәйтеректі көріп, біздің тағы бір ұқсастығымызды жылы қабылдайды деп білеміз. Павильон 90 күн бойы жұмыс істейді. Көрме аяқталғанша елшілік толығымен осы жаққа көшіп келетін шығар. Алайда біздің әріптестік байланыстарымыз осы павильонның аясында ғана емес, көрмеден кейін де жалғасатынына сенемін», -  деді Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нандор Кортези павильонның салтанатты ашылу рәсімінде. 

Айта кеткен жөн, Мажарстан елінің павильонында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі - Қыпшақ күндері. Осы мейрамның аясында венгрмен қазақтың салт-дәстүрлері арасындағы байланысты жан-жақты көрсету көзделген.

Соңғы жаңалықтар