«ЭКСПО-2017» көрмесінің меймандарына ғарыштан сәлем жолданды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Қызылорда облысының мәдени күндеріне орай өткізілген «Сырдария - Жырдария» гала-концерті барысында Халықаралық ғарыш станциясының экипажы көрмедегі амфитеатрға жиналған жұртшылықпен байланысқа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Құрметті қазақстандықтар мен «ЭКСПО-2017» көрмесінің меймандары! Сіздерге Халықаралық ғарыш станциясынан сәлем жолдаймыз. Халықаралық көрменің өтуімен құттықтаймыз. Шара шынында да, әлемдік деңгейде. Болашақ энергиясы - бүкіл адамзаттың дамуына арналған жаңа технологиялар», - деп құттықтады ғарышкер Федор Юрчихин.

Өз кезегінде Сергей Рязанский көрменің басты тақырыбына айналған жасыл экономика әлемнің әр елі үшін маңызды екенін қосып өтті.

«Барша қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдаймыз. Әлбетте, ең біріншіден Астанаға, қызылордалықтар мен «жұлдызды қала» Байқоңырға бізден сәлем!», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізілген Қызылорда облысының мәдени күндері аса көрнекті «Сырдария - Жырдария» концертімен аяқталды. Амфитеатрда концерт астаналықтар мен қазақстандықтардың ғана емес, шетелден келген меймандардың да зор ықыласына ие болды.

Соңғы жаңалықтар