ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Астанада енгізілетін технологиялар айқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін 16 энергетикалық технология енгізіледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімдік 300 инженерден құралған топты құрып, олар комиссиялық негізде зерттеу жасады және ЭКСПО-ның 110 жобасына талдау жүргізді. Нәтижесінде, олар тоғыз елден технологияның 16 түрін іріктеп алды. Атап айтқанда, Австрия, Польша, Франция, АҚШ, Ресей, Қытай, Литва, Германия мемлекеттеріндегі озық жобалар елордада пайдаға асада деген үміттеміз»,-деді Ә. Исекешев.

Бұдан бөлек ол қаладағы энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттырудың 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленгенін айта келе, жылына бюджеттік секторда қаржы үнемдеу 287,5 млн теңгені құрайтынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «ЭКСПО-2017» көрмесінің идеяларын білім саласына енгізетін жұмыс тобы құрылғанын айтқан еді.

Оның атап өтуінше, көрмеге 55 университет пен ғылыми орталық өкілдері барды. ЭКСПО-ға қатысқан елдермен 100-ден астам кездесу өтті. 9 меморандумға қол қойылды, университеттер 20-дан астам екіжақты ынтымақтастықтың келісімдеріне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар