«ЭКСПО-2017» көрмесіне 120 мыңға жуық ақмолалық қатысқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесіне 120 мыңға жуық ақмолалық қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне 120 мыңнан астам ақмолалық барып, қатысқан екен. Оның 25 мыңы балалар.

«Бес сағаттық саяхат барысында біз 15 павильонды аралап көрдік. Оның ішінде Қазақстанның жеткен жетістігін паш ететін шыныдан жасалған сфераны ерекше атап өткен жөн. Маған жəне менің достарыма энергия үнемдеу және қалдықтарды жою, ауаның ластануын төмендету, сондай-ақ экожүйені қорғау мен өнімді пайдалану бойынша жобалар қызықтырды. Əсіресе, 8 қабаттағы атмосфера көрмесі көңілді толқытты», дейді степногорлік оқушы Зарина Зарипова.

Сонымен қатар, 600-ден астам көрме қонағы Ақмола облысына келген. Оларға қонақ үйлер, турбаза, санаторий, курортты база, мейрамхана жəне дәмханалар қызмет көрсетті.

Туристердің көбі еліміздің «Інжуі»- Щучинск-Бурабай курортты аймағына аялдады.

Облыс орталығында бірнеше тілде сөйлейтін 39 гид дайындықтан өтті. Сондай-ақ, шетел тілін меңгерген ақмолалық 105 ерікті көрмені ұйымдастыруға атсалысты. 2 мыңнан астам əртіс «ЭКСПО-2017» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар