«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Германия павильоны 12 шілдеде ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Германия Бундестагінің депутаты Сибилле Пфайфермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Ал келер жылы Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық байланыстардың орныққанына 25 жыл толады.  Әрине, Германиямен қарым-қатынаста сауда-экономикалық байланыстарға айрықша назар аударамыз. Соңғы жылдары екі елдің арасындағы тауар айналымы орташа есеппен жылына 2 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. 2015 жылы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары орын алды. Инвесторлармен кездесу қорытындысында көптеген жаңа жобалар айқындалды. Қазір біз Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті 5 ірі компаниямен келісімге қол қойылуын күтіп отырмыз», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар Әбдіқалықова 2017 жылы елорда «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіндігін атап өтіп, аталған шараның Қазақстанда өтуіне жәрдем берген Германия тарапына ризашылығын білдірді.

null  

«Қазірдің өзінде Германия павильонының ашылатын күні 2017 жылдың 12 шілдесіне белгіленген. Сізді де болашақ энергиясы жобалары паш етілетін көрмеге шақырамыз»,-  деді ол Бундестаг депутатына.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, келісімнің іске асырылуы өзара сауданың одан ары өсуіне, Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы өзара іс-қимылдың жан-жақты нығаюына өз үлесін қосатындығы сөз болды.

Соңғы жаңалықтар