«ЭКСПО-2017» көрмесінде оңтүстіктің көрікті жерлерінің 25 суреті қойылды

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінде оңтүстіктің көрікті жерлері бейнеленген 25 суреті қойылды. Әртүрлі фотографтар түсірген суреттерді шетелдік қонақтар тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Көпшіліктің назарына ұсынылған суреттерде Қ.А.Яссауи және «Арыстан баб», «Қарашаш ана» кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары бейнеленген. Сонымен қатар күнгейдің киелі жерлері саналатын «Ақмешіт үңгірі» мен жуырда ғана Отырар ауданында ашылған «Алаш» этноауылын көруге болады. Одан бөлек өңірдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр.

Мамандардың сөзінше, суреттер аса жоғары талғаммен түсіріліп, іріктелген. Оны тамашалауға 100 елден келген қонақтар қатысты. Олардың қатарында ЭКСПО комиссарлары мен орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары және халықаралық ірі компаниялардың иелері бар.

Айта кетейік, Облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының қолдауымен өтіп жатқан іс-шараны жоғары дәрежеде өткізуге «Ontustik Tourism» орталығы және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығының өкілдері де бір кісідей атсалысты.

null null null 

Соңғы жаңалықтар