«ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттау мақсатында жастар керуені жолға шықты - Қызылорда

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сырдың жас өнерпаздарынан құралған жастар керуені жолға шықты. «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттау мақсатында шыққан керуен  3 маусымға дейін аралығында жеті ауданды аралайды. 

 Керуенді салтанатты шығарып салу рәсімі орталық алаңдағы «Еңбек аллеясында» өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев ақжолтай тілегін жеткізді. 
Аталған шара барысында барлық аудандарда облысқа танымал талантты жастар өз өнерлерін ұсынып, ЭКСПО еріктілері промо-акциялар, сайыстар ұйымдастырады. Бәсеке нәтижесінде жеңіске жеткен аудан тұрғындарына «ЭКСПО-2017» көрмесіне бір реттік билеттер және естелік сыйлықтар табысталады. 

Соңғы жаңалықтар