ЭКСПО-2017: Дүниежүзі қазақтары құрылтайының делегаттары Ақмола облысының этноауылында болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласында өтіп жатқан Ақмола облысының күндері «Қазанат» атшабарында орналасқан этноауылда жалғасын тапты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Мұнда облыстың ең үздік шығармашылық ұжымдары «Дала сыры» концертін өткізді. Ал, cәндік-қолданбалы өнер шеберлері қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін ұлттық бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды.

Этноауылды Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жəне Дүниежүзі қазақтары құрылтайының делегаттары аралап көрді. Делегаттар мен Астана қаласының тұрғындары және қонақтары мәдени бағдарламаға толы шараны тамашалады.

Айта кетейік, астаналықтар Ақмола облысының сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмесін аталмыш этноауылда маусымның 25-іне дейін көруіне болады. 

null

null

null



Соңғы жаңалықтар