ЭКСПО-2017 аумағында 88 жігіт сүйіктілеріне сезім білдірген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына арналған мультимедиялық шоу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақпен тілдесу» деп аталатын Hi-Light шоуда мен Көрме туралы қорытынды статистикалық мәліметтер келтірілді.

Атап айтқанда, ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің 173 елінен 4 миллионға жуық адам келген. Көрме павильондарын жай аралап шығуға 96 сағат қажет болған.

3500-ден астам мәдени шара ұйымдастырылып, 33 мыңға жуық әртіс өнер көрсеткен.

Көрме аумағында 100 миллион фотосурет түсіріліп, 88 жігіт өз сүйіктілеріне сезімдерін білдірген.

Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінде әлем ғалымдары адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелген 153 жаңа өнертабысты таныстырған.

Еске сала кетсек, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымында басталған болатын. Ондағы «Болашақ энергиясы» тақырыбы энергетика саласының қазіргі жаһандық мәселелерін қамтиды. Көрмеге баламалы энергия көздері саласындағы жаңа технологияларды ұсынған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.
Көрме 11 қыркүйек күні сағат 03:00-те толығымен жабылады.

Соңғы жаңалықтар