«ЭКСПО-2017» алаңында Куба елі карнавал шеруін өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 26 шілдесі күні ЭКСПО-2017 аясында Куба Республикасының Ұлттық күні мерекеленеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасап.

Хабарламада «Ел делегаттарын - қатысушыларды Куба Республикасындағы Сауда палатасының президенті - Орландо Николас Гильен бастап келеді» делінген.

Айта кетейік, Куба елі өзінің Ұлттық күнін барлық мамандандырылған көрмелерде 26 шілде күні өткізеді. 1953 жылдың 26 шілдесі күні Фидель Кастроның басқаруымен жас кубалықтардан құрылған топ Фульхенсио Батист диктатурасына қарсы әскери күрес бастау мақсатымен «Монкада» әскери казармаларына шабуыл жасады.

Кубаның ұлттық күнінде «Куба ырғақтары» деген атпен музыкалық шоулар ұйымдастырылмақшы. Бұл Куба мәдениетінің қуаттылығы мен ерекшелігімен танысуға таптырмайтын мүмкіндік.

«Шоу бағдарламаны Кубаның ұлттық күні сахнасынан Латын Америкасының павильонына дейін жалғасатын карнавал шеруі аяқтайды» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар