Экспедиция мүшелері тарихи маңызы бар нысандарды тамашалады - Қызылорда

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында Жалағаш, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылды.  

  Экспедиция мүшелері  тарихи маңызы бар ескерткіштер мен мұражайларды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
null

 Топ құрамында 50-ге жуық орта және жоғары оқу орындарының студенттері болды. Олар Жалағаш және Қармақшы аудандарының туристік әлеуеті бар мәдени-тарихи нысандары Қалжан-Ахун кесенесі және «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін тамашалады. Экспедиция нәтижесінде студенттерге қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндік берілді.

 Еліміздегі туризм мәселесіне  Елбасы өзінің Ұлт жоспары -  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 87-қадамында кеңінен тоқталып өтті. Онда:  Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі - «Қазақстан энциклопедиясы»  кең көлемді интернет жобасын құру туралы айтты. Мұндағы басты мақсат - әрбір азаматқа және шетелдік туристке ел туралы көбірек білуге көмектесу керектігін ұсынды. 
null

null

Соңғы жаңалықтар