Экс-депутат Динар Нүкетаева Парламентке оралуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Парламенті Сенатына өтетін үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау процесін журналистер, ОСК мүшелері, халықаралық бақылаушылар қадағалап отырды.

«Сайлауға қатысуға тиісті болған 36 мәслихат депутатының 34-і келді. Алғаш рет Сенат депутаттарын таңдаушыларды электронды тіркеу қызметі қолданысқа еніп отыр. Барлық ақпарат сайлау учаскесіндегі экранда көрсетіліп, ОСК сайтында жарияланды», - деді Алматы қалалық сайлау комитетінің төрайымы Жанна Асанова.

Алматылық таңдаушылар 30 минуттың ішінде дауыс берді.

36 адамның 34-і Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нүкетаеваның үміткерлігіне қолдау көрсетті.

Сенат депутаттарын сайлау 1 күн ішінде өтеді. Дауыс беру нәтижесі ОСК-ға 29-маусым күні беріледі.

Сенат депутаты болуы үшін Алматыдан 3 үміткер ұсыныс білдірген болатын. Динар Нүкетаевадан басқа бизнесмендер Алексей Балаганский, Бекзат Шуақов та қатысты.

Еске сала кетейін, бұған дейін Динар Нүкетаева ҚР Парламент Мәжілісі IV шақырылымындағы депутаты болған.

Соңғы жаңалықтар