Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің активімен кездесу барысында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің жаңа төрағасы Ахметжан Пірімқұловты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қанат Бозымбаев комитеттің міндеттерін атап өткен және Ахметжан Пірімқұловтың білімі, тәжірибесі және біліктілігі, сондай-ақ комитет ұжымының үйлесімділігі мен кәсіпқойлығы қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындауға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде Ахметжан Пірімқұлов басшылықтың сенімін ақтау үшін бар күшін салатындығын айтты.

Ахметжан Әбдіжәмілұлы 2000 жылы «экономист» мамандығы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Қызметін прокуратура органдарында бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген.

06.09.2012 ж. - 2014 ж. - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға орынбасары.

2014-2016 жж. - ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары.

Соңғы атқарған қызметі - ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

 

Соңғы жаңалықтар