Екібастұздың білім бөлімі баланы ұрған логопедті жазалай алмай отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сабақ беру барысында үш жастағы баланы желкесінен ұрып жіберген дефектолог өзінің есебінен еңбек демалысына шығуға өтініш жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үш жастағы Юрийге сабақ беру барысында педагогикалық әдіс ретінде желкесінен ұрып жіберген маманның балаға зорлық-зомбылық көрсетпек тұрмақ тіпті қол ұшын тигізуге де құқы жоқ. Қазіргі уақытта ол өзінің есебінен еңбек демалысына шығуға өтініш жазды. Еңбек демалысынан шыққаннан кейін бұл жайтты қарастыру қажет деп санаймын. Егер адам балаға қатысты мұндай қылыққа баратын болса, онда біз оның қызметіне сәйкестігі туралы мәселені қарайты боламыз», - деді Екібастұз қалалық білім басқармасының жетекшісі Нұржамал Мақұмова.

Педагог жеке оңалту орталығында жұмыс істейді. Шенеуніктердің айтуынша, бұл оқиға сабақ уақытынан тыс мезгілде, бала ата-анасымен бірге тұратын пәтерде орын алған. Сондықтан бұл жағдайға ата-ана мен педагог арасындағы жеке қарым-қатынас ретінде баға беруде.

«Ол тәжірибелі дефектолог, тәжірибесі өте мол. Педагогикалық тұрғыда алғанда оның балаға зорлық-зомбылық көрсетуге ешқандай құқығы жоқ. Бұл бұл жайт жеке сипатта болып отыр. Сондықтан біз қандай да бір шара қабылдай алмаймыз. Егер бұл жайт біздің мекемеде орын алғанда қандай да бір шара қабылдар едік. Меніңше, ата-ана мен педагог арасында келісімшарт та жоқ. Баланың денесінде күш көрсету әрекеттерінің белгілері жоқ. Дегенмен, ол жеңілдетіп айтқанда баланы түртіп қалған. Сондықтан фактіні тек сотта ғана дәлелдеуге болады. Ал енді мұны ата-ананың қалауы біледі. Анасы азаматтық сотқа жүгінуге толық құқы бар», - деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, мұғалімнің үш жастағы баланы желкесінен нұқып қалғаны бейнеленген видео ел тұрғындарының ашуын туғызған болатын. Оқиға Екібастұз қаласында орын алған. Мұғалім балаға сабақ беріп жатқан кезде оның анасы мен әжесі көрші бөлмеде отырған.

Публикация от PAVLODAR | KAZAKHSTAN (@vpavlodare) Май 15 2017 в 7:24 PDT

Соңғы жаңалықтар