Екібастұзда жыл басынан бері 50 вагон шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзақ уақыт тоқырап тұрған «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» қайтадан өз жұмысын қолға алды. Жыл соңына дейін кәсіпорын 1650 вагон шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Компания 2017 жылдың қарашасында қызметіне кіріскен. Өткен жылы 88 вагон шығарған болса, 2018 жылдың үш аптасында 44 вагон құрастырып үлгерген. Қазіргі күні компания «ҚазТемірТранс» АҚ-ның ауқымды тапсырысын орындауда.

«2017 жылы жүк вагондарын құрастыруды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан «БРК Лизинг» АҚ арқылы «ҚазТемірТранс» АҚ 15 миллиард теңге бөлген болатын, - деп хабарлады облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы. - Лизинг алынғаннан кейін «ҚазТемірТранс» АҚ 1300 жарты вагонға және 270 платформа-вагонына тапсырыс берген. Тапсырысты орындау мерзімі - 2018 жылдың шілдесіне дейін».

Сонымен қатар, Екібастұзда темір жол дөңгелектерін құрастыратын кешеннің құрылысы аяқталуда. Жоғары технологиялық импорттың орнын басуға бағытталған өндіріс жобасы «Проммашкомплект» ЖШС базасында жүзеге асуда. Жобаның жалпы сомасы 54 миллиард теңгеден астам. Қуаттылығы жылына 200 мың дөңгелек шығаруға жетеді. Қазіргі уақытта өндірістің корпусы салынып, негізгі құрылғылар орнатылған.

Соңғы жаңалықтар