Екібастұзда үш жігіт дүңгіршектен 800 мың теңгенің зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында қарақшылар «Maxi Mall» сауда орталығының зергерлік бұйымдар сататын дүңгіршегін тонап кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 13:00 шамасында «Maxi Mall» сауда орталығының екінші қабатындағы «Золото России» дүңгіршегінен 24-27 жас аралығындағы үш жігіт 800 мың теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы, екінші бөліміне сәйкес тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар