Екібастұзда «Үміт» балалар үйінің 13 тәрбиеленушісі баспаналы болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Екібастұз қаласында «Үміт» балалар үйінің 13 тәрбиеленушісі баспаналы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасының үшінші бағыты бойынша  30-дан астам адам тұрғын үйге қол жеткізген. Аумағы үш мың шаршы метр, екі және үш бөлмелі 36 пәтерден тұратын ғимаратты салуға қазынадан 172 млн теңге жұмсалды. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Қайрат Нүкенов табыс етті.

« Біздің отбасымыз пәтерге ие болып жатқаны үшін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысымды білдіремін. Балалар үйінің түлектері ретінде қала, мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіп, әрқашан қамқоршы болып отыратындығын сезініп келеміз», - деп барлық түлектердің және өзінің отбасының атынан жылы лебізін білдірді Владимир Каширин. 

Соңғы жаңалықтар