Екібастұзда таяуда дизель отынын шығаратын зауыт іске қосылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биылғы жылы желтоқсан айының екінші бөлігінде Екібастұз қаласында қысқы дизель отынын шығаратын «Aleftrade» ЖШС өз жұмысын бастайды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 - Жобаны астаналық кәсіпкер инвестициялап, 2,5 миллиард теңгедей қаржы бөлді, - дейді Қайрат Нүкенов. - Зауыт Шідерті ауылында орналасқан. Жылына 30 мың тонна қысқы дизель отынын өндіреді. Шамамен 30 жаңа жұмыс орны ашылады.

 Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың мамыр айында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Екібастұздың ауылдық аймақтарына жасаған жұмыс сапары барысында кәсіпорын құрылысымен танысқан болатын. Сол кезде «Alef trade» ЖШС-нің бас директоры Қайырлы Ғалиев зауыт қазан айында іске қосылады деп уәде берген еді.

Соңғы жаңалықтар