Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 330.00
EUR 390.72
RUB 5.65
CNY 50.13

Екібастұзда супер марафоншы Марат Жыланбаевтың қатысуымен жеңіл атлетикадан чемпионат өтті

Екібастұзда супер марафоншы Марат Жыланбаевтың қатысуымен жеңіл атлетикадан чемпионат өтті
2017 жылғы 23 қазан 21:55 499

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында әлемге әйгілі супер марафоншы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Марат Жыланбаевтың қатысуымен жеңіл атлетикадан қала чемпионаты өтті. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жарыс Екібастұз қаласының 60 жылдық және № 2 жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдық мерейтойына арналған,  деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Жарыс Машһүр Жүсіп - Торайғыров - Абай - Әуезов көшелерінің бағыты бойынша ұйымдастырылды», - дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Байбәкіров. - Ерлер 10 шақырым, әйелдер 5 шақырым қашықтықта жүгірді. Нәтижесінде 17-34 жастағы ерлер асында бірінші орынды Богдан Иконников, әйелдер арасында Анна Дубина иеленді. 35-49 жас аралығында ерлер арасында Дәулет Сәдуақасов, әйелдер арасында Ольга Шерешова чемпион атанды. Ал, 50 және одан үлкен жастағы ардагерлерден ерлер арасында мәре сызығын Төлеухан Кеңесхан бірінші болып кессе, әйелдер арасында Елена Нападовская барлығынан озып келді».

 Жастар арасында Полина Артемова, Нелля Келлер, Назар Ткачук, Надежда Шпак, Ералы Жұмабеков, Александр Макаров сынды спортшылар өз топтарының чемпионы болды. Жеңімпаздар арнайы чемпиондық медальдармен, кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер