Екібастұзда пәтердегі өрттен бес адам құтқарылды, екеуі - бала

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Екібастұз қаласындағы бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар бес адамды ажал аузынан аман алып қалды. 

Оның екеуі - бала. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Стройтельная 35 мекенжайында үш қабатты пәтерден өрт шықты, - дейді мамандар. - Пәтердегі жиһаздар мен тұрмыстық техника қызыл жалынның астында қалды. Үйдің үшінші кіреберісінен сегіз адам өздігінен сыртқа шықты. Ал, өрт сөндірушілер бес тұрғынды баспалдақ арқылы құтқарды. 1933 жылғы әйел адам ысты газбен уланып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы - қанағаттанарлық. Төтенше жағдайдың орын алу себебі мен шығыны есептелуде.

Соңғы жаңалықтар