Екібастұзда халықты тонаған «полицей» сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қалалық сотында 32 жастағы алаяқтың ісі қаралды. Ол ұрлықпен айналысып қана қоймай, өзін полицей ретінде таныстырып, халықты тонаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, Б. есімді азамат орталық базарда істейтін бір сатушы әйелдің сөмкесін ұрлап, ішінде болған 40 мың теңгені қолды қылған. Онымен қоймай, 2017 жылы тамыз айында 10 мың теңгелік сувенирлік купюралармен есеп айырысып, алаяқтық жасады. Ол ақшаға тауар алып, такси қызметін де төлеген. Қайтарымға 7-8 мың теңгені шын ақшамен алып отырды. Ал қазан айында ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, О. есімді әйелдің сөмкесін тексерген. Сөйтіп, оны да алдап, ақшасын ұрлап кеткен.

«Екібастұз қалалық сотының үкімімен бұған дейін сотталған 32 жастағы Б. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 188-бабы мен 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, арыз берушілердің материалдық шығындарын өтеу мақсатында сотталушыдан барлығы 47 800 теңге өндірілді. Сот үкімі күшіне енді», - делінген қалалық соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар