Екібастұзда бір балықшы суға батып кеткен, төртеуі аман

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласының Солнечный кентінде 1967 жылы туған балықшы суға батып кетті. Төрт адам ажал аузынан аман қалды.  Бұл туралы облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Сергей Чернов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Шаңдықсор көлінде балық аулау кезінде Екібастұз қаласының тұрғыны мұздың астына түсіп кеткен. Бүгінгі күні құрамында 5 адам мен бір техника, бір жүзу құралы бар жедел-құтқару жасағының күшімен іздеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, мұз жарылып кеткен кезде төрт адам болған. Олардың барлығы құтқарылды. Біреуі ауруханаға жеткізіліп, үшеуі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды», - деді Сергей Чернов. Құтқарылған азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 383-бабы «Балық аулау ережесі және балық ресурстарын қорғау, басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу» бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік өндіріс қозғалды. Биылғы жылы наурыз және сәуір айларында мұз үстінен алты адам құтқарылды. Оның 24-і ересектер болса, 19-ы - бала. Құтқарылғандарға медициналық көмек көрсетіліп, балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 

Соңғы жаңалықтар