Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -19 °С
Алматы: -3 °С
USD 319.68 EUR 392.95
RUB 5.63 CNY 50.26
Жаңалықтар

Екібастұзда әйел пәтер тонауға түскен екі ер адамды ұстап берді

2018 жылғы 15 ақпан 17:42 360
Бөлісіңіз:
Екібастұзда әйел пәтер тонауға түскен екі ер адамды ұстап берді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз тұрғынының қырағылығының арқасында ұрылар жылдам қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да қарақшылық жасағандар үйдегі екі баланы байлап, талдырып тастаған Өскеменде қарттарды тонап келген жалған шенеунік ұсталды

«Түнгі 22:00 шамасында Жүсіпов көшесіндегі көпқабатты үйлердің жанынан өтіп бара жатқан әйел жарығы сөніп тұрған терезеден пәтердің ішінде біреудің қолшаммен жүргенін байқайды. Бірден күдіктенген ол полицияға қоңырау шалған. Аталған мекенжайға жылдам жеткен тәртіп сақшылары, пәтердің есігіне қоңырау шалады. Есікті ешкім ашпаса да, іште біреудің жүргені анық естіліп тұрған», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Үйді айналған полицейлер күдіктінің балконнан секірмек болып жатқанын байқайды. Тәртіп сақшыларын көрген ұры қайтадан ішке кіріп кеткен. ІІБ қызметкерлері екіге бөлініп, балкон мен есікті қатар аңдуға кіріседі. Күдіктілер есікті іштен жауып алған.

Полицейлер екі күдіктіні қолға түсірді. Пәтер тонамақ болған екі ер адам қамауға алынды. ІІБ басшылығы қырағылығы үшін қала тұрғынын алғыс хатпен және қаржылай сыйақымен марапаттады.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат