Екібастұз 1-МАЭС-тің күл үйіндісі санитарлық-қорғау аумағында 200 мың көшет отырғызылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Екібастұзда 1-МАЭС станциясының күл үйіндісі санитарлық-қорғау аумағында 200 мың ағаш пен көшет отырғызылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас директоры Рысқан Свамбаев айтты.

«Жыл сайын күл үйінділері аумақтарында шаңды азайту мақсатында 30 гектар жерде топырақ құнарлығын қалпына келтіру жүргізіледі, - деді Рысқан Свамбаев. - Жеті станцияның энергоблоктарында электр сүзгіштер орнатылды. Сол себепті көмір күлі аз түсетін болды. Түтінді газдардан тазартудың тиімділігі 97 пайыздан 99,6 пайызға артты».

Бас директордың айтуынша, 2009-2017 жылдар аралығында күлдің түсуі 5 есе, яғни 6,08 г/кВт*сағ-тан 1,22 г/кВт*сағ-қа дейін төмендеген.

Станцияның санитарлық-қорғау аумағының шекараларында қара ағаш, жиде, қараған сынды 10 мың ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, ауа бассейнін қорғау үшін 44,9 млн теңге, жер ресурстарын қорғау үшін 83,5 млн теңге жұмсалған.

2017 жылы қоршаған ортаны қорғау шараларына бағытталған шығын 148,424 млн теңгені құрады. 2018 жылы мақсатта шаралар атқару үшін 122,6 млн қаражат қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар