Екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен қостанайлыққа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық соты екі адамның өмірін қиған жол апатының тууына себепкер болды деп айыпталған Леван Твалабеишвилидің қорғаушысының аппеляциялық шағымын құптамады. ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облыстық сотынан хабарлағандай, шағымда бірінші инстанциядағы сот үкімінің күшін жойып, істі тоқтатуды сұраған.

Жапа шеккендердің өкілі ең жоғары жазаны тағайындауды сұраған. Бұрын хабарланғандай, «Твалабеишвили жолда жүру қауіпсіздігін ескермей, жылдамдықты асырған» деп түсіндірді баспасөз қызметінде. - Ол жылдамдықты төмендетпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан Мансарин мен Қожахметованы қағып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан жаяу жүргіншілер қаза тапты».

Сот Л. Твалабеишвилиді қылмыстық іс жасауда айыпты деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.  Сотталғаннан жапа шеккендердің пайдасына жалпы сомасы 6 млн. теңгеден асатын материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді. 

Соңғы жаңалықтар