Екі облыстың аумағында жолдар жабық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің екі облысының аумағындағы жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, боранға байланысты Жамбыл облысы аймағындағы «Қордай айналма жолының» 158-240 шақырымындағы Отар-Қайнар аралығында  көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Бұдан бөлек, Алматы облысында «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде де боран салдарынан жол жабылды. Осы ретте бұл шектеу көліктің барлық түрлеріне енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар