Екі облыста ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның екі облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады.

«23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі. Орал қаласында 22-23 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейеді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада 22 қыркүйекте тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны айтылады. 

Соңғы жаңалықтар