Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Қазақстанның екі облысында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында 14 қаңтарда 23:30-дан бастап бұрқасынға байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 км, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында 14 қаңтарда 23:50-ден бастап «Астана-Шідерті» тас жолының бір бөлігі (205-259 км, Шідерті елді мекенінен Ақмола облысының шекарасына дейін) жабылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияландығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар