Екі мыңға жуық қазақстандықтың Түркияға баруына тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ішкі істер министрлігі республиканың ДАИШ-пен  жүргізген күрес жөніндегі баяндамасын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Баяндамада халықаралық лаңкестіктің таралуымен күрес бағытында  Түркия үкіметі қабылдаған шаралардың қатарында террорлық ұйымдармен байланысты тұлғалардың ел аумағына келуін болдырмау мақсатын көздейтін тәуекелдерді сараптау бөлімшесін  құру шарасы бар екендігі хабарланған.

2014 жылдың сәуір айында құрылғаннан бастап аталған бөлімшелер лаңкестік топтармен байланысы бар деп күдіктелген 17 500 шетелдік азаматты тексеруден өткізді, олардың 4 550-ін елден шығарып жіберді.

Түркия Республикасының аумағына өтуге тыйым салынған тұлғалар қатарында 1914 қазақстандық, 4128 ресейлік азамат, 2651 тәжік, сондай-ақ, 1677 әзербайжандық тұрғын бар. Тізімде ең көбі Сауд Арабиясының азаматтары (7523), ал, еуропа елдерінен - Франция (2622).

Айта кетейік, Түркия елдегі Министрлер кеңесінің шешімімен  ДАИШ-ты 2013 жылы лаңкестік ұйым ретінде жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар