Екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева боксқа бейімделіп жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі аяғынан айырылған алматылық келіншек Екатерина Парафиева былғары қолғап киіп жұдырықтасуды меңгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы оның жаттықтырушысы Кира Ударцева Фэйсбуктегі парақшасында жазба қалдырды.

«Бізде жаңалық бар  :) Екатерина БОКС-ты үйреніп жүр.

Жақында супержаттықтырушы Бабякин Владимир иық белдеуі мен қиғаш бұлшық еттеріне бокс пайдалы деп шешті ;) ! Жаңылмапты! !! Катяға өте ұнады!! Ол бокшы боп туылған екен. Бірнеше соққы түрлерін қалтқысыз қайталады.

Катяның өзі таң қалды " Қандай қызық әрі керемет! Тиімділігін айтсаңызшы. Тренажерде жаттыққанмен бірдей» деді», - деген жазба қалдырды жаттықтырушы.

Сондай-ақ, ол Екатерина Парафиева барынша көмек көрсеткен бірқатар азаматтарға алғысын білдірді.

Ол осыдан 2 апта бұрын ауруханадан үйіне шыққан болатын.

Қазір Катя белгілі ерікті, жаттықтырушы Кира Ударцеваның көмегімен оңалту шараларынан өтіп жатыр. Енді ол арнайы жаттығулардың арқасында протез киюге дайындалмақ.

Еске сала кетейік, келіншек 16 маусымда Алматы қаласындағы  Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан жапа шеккен болатын. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry машинасын автобус соққан. Қатты соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігіне тиген. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын. Ал екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөліміне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар