Екі апта бойы іздеуде жүрген бойжеткен Алматыдан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері соңғы екі аптада із-түзсіз жоғалған Аружан Мысаханованы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаскелеңдегі колледжде оқитын 16 жастағы бойжеткен Қарасай ауданының Шамалған стансасында шешесімен тұрады. Ол 28 қаңтарда үйнен шығып кетіп, оралмаған. Кәмелетке толмаған азаматшаны іздеуге өңірдегі барлық полиция күштері жұмылдырылды. Бойжеткеннің фото-суреттері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған болатын.

«Кәмелетке толмаған азаматшаның қайда жүргені анықталды. 12 ақпан күні кешкісін Қарасай АІІБ оның анасын шақыртып, қызын табыстадық. Белгілі болғанындай осы уақыт аралығында ол Алматы қаласында дос қызының жалдап тұрып жатқан пәтерінде болған» - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Үйінен қашқан бойжеткенмен мамандар профилактикалық әңгімелесу шарасын өткізді.

Соңғы жаңалықтар