ЕҚДБ ШҚО-дағы қоғамдық көлікті жаңартуға 9,6 млрд теңге жұмсайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Еуропалық Қайта құру және даму банкі Семей мен Өскеменге қауіпсіздік талаптарына жауап беретін заманауи, жайлы автобустарды сатып алу үшін несие қаражатын бөледі. «Altai Invest-2016» халықаралық форумында өңірдің осы екі ірі қалаларында қоғамдық көлікті жаңғырту туралы алдын ала келісімге қол қойылды, деп хабарлады өңірлік «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Келісімге бүгін Қазақстандағы ЕҚДБ директоры Джанет Хэкман мен екі қаланың әкімі қол қойды.

Тараптар бұл жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, GPS мониторинг жүйесін енгізу арқылы желіде автобустар қозғалысы тұрақтылығын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретініне сенімді. Көліктен басқа, диспетчерлік басқаруға, GPS мониторингі үшін жабдық және жолақы төлеу жүйесін сатып алуды көздейді.

null  

Банк бөлген 9,6 млрд теңге қаражаттың 5,1 млрд теңгесі - Өскеменге, 4,5 млрд теңгесі - Семейге аударылды.

Сатып алынатын автобустардың үлгісін таңдау банкпен келісім бойынша ШҚО әкімдігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің директоры Джанет Хэкман банк ШҚО жобаларын қолдайтынын және өңірдің инновациялық мүмкіндіктерін дамытуға өз үлесін қосуға әзір екенін атап өтті.

ЕҚДБ мен ШҚО әкімдігі арасындағы ынтымақтастық былтырдан бастап реттеледі. Бүгінде облыс әкімдігінің ЕҚДБ-мен жалпы инвестициялық портфелі 245 млрд теңгені құрайды.

null 

Соңғы жаңалықтар