Екатеринбургте 220 метрлік телемұнара жарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -КСРО-ның соңғы жылында құрылысы тоқтатылған Екатеринбургтегі телемұнараға демонтаж жасалды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Мұнара траектория бойынша түзу құлаған. Құлаған жерде жарылыс қуатынан 50-70 метрге дейін шаң көтерілген.

Телемұнараны сүрудің алдында бірнеше метро станциялары жабылып, бірнеше көшелер қоршауға алынды және соған жақын маңдағы үйлерде тұратын адамдар эвакуацияланды.

«Құрылысы аяқталмаған телемұнараға қарапайым әдіспен демонтаж жасайды», - деп хабарлады аталған агенттікке демонтаж жүргізіп жатқан «РВС» компаниясының бас директоры Юрий Овчаров.

«Барлығы штаттық режимде, жобаға сәйкес жүргізілді. Қоғамды толғандырған мәселе туралы айтар болсақ, сейсмика мүлдем болған жоқ. Мұнараның қалған 25-30 метрлік іргетасына штаттық режимде демонтаж жұмыстары жүргізіледі», - деді Овчаров.

Соңғы жаңалықтар