ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық аясында үш облыста тексеру жүргізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жедел шара Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында мамыр айының 15-25 күндері аралығында өткізілген болатын.

«Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында шараға ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінің жеке құрамы түгелге жуық қатысты. Жалпы жұртшылық та шет қалмады. Астана қаласында және облыстарда өткізілген операциялар кезінде тәртіп сақшылары 2037 қылмысты ашса, соның 418-і бұдан бірнеше жыл бұрын тіркелген қылмыстық істер. Іздеуде жүрген 123 қылмыскер ұсталды»,-деп атап өтілген ҚР ІІМ мәліметінде.

Мұнымен қоса, 33 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 1,5 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық фактілері болса, 3867-сі қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені және ішімдік ішкені үшін жазаға ілікті. Ал көлікті мас күйінде басқаруға байланысты - 368, жылдамдықты шамадан тыс асыру - 2404, жолдың қарсы бетіне шығып кету бойынша 60 факті тіркеуге алынды.

«Елге келіп-кету тәртібін бұзған 3359 заң бұзушылық негізінде арнайы іс қозғалды. Сонымен қатар 16 мың атыс қаруының иесі тексерілді, қарудың сақтау тәртібін бұзған 262 факті анықталды. 99 азамат есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар