ЕХРО 2017 қалашығы серуен құратын қоғамдық орынға айналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы EXPO қалашығында туристік аймақ ашылды, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Телеарна порталының хабарлауынша, аумағы ат шаптырым орталықта саяхатшылар үшін қысы-жазы қызмет көрсетілетін бірегей нысандар іске қосылды. Ал жаңа жыл қарсаңында мұз қалашығы бой көтеріп, еліміздің басты шыршасы жағылады.

Көрме алаңы ашылған алғашқы сағаттың ішінде «Нұр Әлем» сферасын 2 мыңға жуық адам аралап үлгерді. Өйткені ұйымдастырушылар ұлттық павильонның тақырыптық мән-мазмұнын байытып, бірқатар жаңашылдық енгізген.

«Келушілер «Нұр Әлем» қосымшасын жүктеп, павильондағы әрбір инсталляцияны ұялы телефоны арқылы тамашалай алады. Ол үшін сфераның әр қабатында QR-кодтар жазылған. Сол арқылы қосымша көрме жобаларын шынайы түрде көрсетеді»,- «Астана Экспо-2017» ҰК департаментінің директоры Марат Омаров.

Соңғы жаңалықтар