Egov қызметтерінің топ бестігі жария етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарға 18 млн астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте, танымал қызметтердің бестігіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» енді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Бірінші жарты жылдықта осы қызмет 1 426 237 рет пайдаланылған.

Саны жағынан ең көп көрсетілген қызмет тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру қызметі - 10 млн-нан асады, екінші және үшінші орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама - 2 млн-нан астам және «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы» анықтама - 2 млн астам, төртінші орынға - БЖЗҚ салымшысына ақпарат беру орналасты. Ал топ бестіктің соңғы орнында тұрған «қылмыстық құқық бұзушылықтың болуы (болмауы) туралы» анықтама 855 114 рет берілген.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер 1,4 млрд теңгеге көбейген. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 7,7 млрд теңгені құрады.

Бүгінгі күні электрондық үкімет порталында 237 әртүрлі қызмет пен сервис қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар