Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -18 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Егіздерін тұншықтырып өлтірген ата-ана соттан жазасын жеңілдетуді сұрады

2018 жылғы 13 ақпан 17:52 607
Поделиться:
Егіздерін тұншықтырып өлтірген ата-ана соттан жазасын жеңілдетуді сұрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясында егіз ұлдарын тұншықтырып өлтірген ерлі-зайыптының ісі бойынша өтініш қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тауар белгісі құқығын бұзған 157 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды Кеден, орган қызметкерлері бар 30-ға тарта күдікті ұсталды - Бас прокуратура

Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченко соттан жазасын жеңілдетуді сұраған.

Сотталушылардың қорғаушысы Амангелді Сариев алдыңғы сот үкімін қайта қарауға өтініш білдірген. Оның айтуынша, күдіктілер өз кінәларын толық мойнына алған.

«Олар алдын ала адам өлтіру туралы уағдаласқан жоқ. Ол (Эмиль) бәрін өзі істеген. Балаларды өлтіріп жатқан кезде ол ішімдікке мас болған. Оның алдында 3-4 ай қатарынан ішкен. Кейін екеуі де Түрксіб аудандық ІІБ-не жасағанын мойындап барған, істегендеріне өкінген. Сондықтан, осы мәселенің барлығын үкім шығаратын кезде ескеруіңізді сұраймын», - деді адвокат Сариев.

Волченконың қорғаушысы Фархад Таипов та әйелдің баланы өлтіру туралы мүлде ойламағанын, білмегенін алға тартты.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды.

Алматы ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының судьясы Қазақстан азаматшасы Алла Волченконы 18 жылға, оның азаматтық некедегі күйеуі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдиновты 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Алайда, апелляциялық коллегия алдығы сот үкімі өзгеріссіз қалдырды.


Басты сөздер: Алматы, Заң, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат